Шұғыла (журнал)
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
“Шұғыла” – Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Жазушылар одағының қазақ тілінде жарық көретін әдеби журналы. 1953 ж. Шәуешек қаласында алғашқы 2 саны жарық көрді. Одан кейінгі сандары Үрімжіде шығып келеді. Алғашқы санын шығарушылар А.Жүнісұлы, Ж.Жүнісұлы, І.Бақайұлы. Журналдың аты 1953 жылдан қазірге дейін “Шыңжаң әдебиет – искусствосы”, “Шұғыла”, “Шыңжаң әдебиет көркем өнері”,“Шыңжаң әдебиеті”, қайтадан “Шұғыла” болып бес рет өзгерді. 1953 – 1965 ж. төте жазу мен араб әрпінде, 1965 – 1975 ж. жартылай латын әрпінде, 1976 – 1981 ж. тұтас латын әрпінде, 1982 жылдан қазірге дейін төте жазумен (араб әрпімен) жарық көріп келеді. Қазірге дейін 420 саны жарық көрді. Алғашқы саны – 4 баспа табақ болса, қазіргісі – 8 баспа табақ болып шығады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.